Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулі стоматология институты №5 жатақханасының студентттерімен кездесу өткізді

16.12.2012  күні   стоматология   факультетініің   №5   жатақханасында терапиялық  стоматология    пропедевтикасы    модулінің   оқытушылары  Смағұлова    Эльмира    Ниязовна   және    Долгих   Валерия    Робертовна    студенттермен   кездесу  өткізді.  Кездесуде   сан   қилы тарихқа  ие, Тәңірдің    қалауымен   жеткен  Тәуелсіздіктің   нендей   күшке  ие   екені туралы   сыр шертті. Иә, тәуелсіздік оңай келген жоқ! Тәуелсіз ел   болғанымызға 21 жыл толып, елге  қуаныш   сыйлағанмен,  жасқа толы  тарихы  300  жылдан  астам. Қаншама   қан, тер төккен, қаншама  жан   берген   ата-бабамыздың  рухын биік көтеріп, жастарға   оларды   ұмытпауымыз   керек   екенін  мәлім етуіміз парыз. Сонымен   қатар  кездесуде  Қазақстан   Республикасының   Мемлекеттік    рәміздерінің    тарихы    жайлы   студенттерге   түсіндіріліп  өтті.  Студенттік  кеңестің  төрағасы,стоматология  факультетінің  2 курс  студенті  Бөріхан   Ерболат   Абайұлы  Тәуелсіздік  жайлы  сөз  сөйледі. Жылдағы  дәстүрге  айналған  бұл  кездесу  өте  қызықты  өтті.

Еліміз ел болсын деп,

Керегеміз  кең болсын деп,

Ұландарымыз  нағыз   Ер болсын деп

Тәуелсіздіктің тұғыры биік болсын деп,

Өміріміз мәнді де сәнді

Тәуелсіздіктің атар таңы мәңгі,

Бақыт құсы елімізге кеп қонсын.- деп  Рахметімізді   білдіреміз!

                            Ақпараттандыру  және  қоғамдық  істер  секторы

 Ермек  Динара