«Тәуелсіздік — бақыт таңы» атты мерекелік концерт

Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық!

Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан — жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан — Гүлстан! 

деп ақын жырлағандай биыл біз үшін үлкен мереке еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Осы мерекеге орай университетте айтулы мерекелік шаралар өткізілуде. Стоматология факультетінің жоспарына сәйкес Биофизика курсы «Тәуелсіздік — бақыт таңы» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар курстың доценті Адибаев Б.М., аға оқытушы Алмабаева Н.М., оқытушы Ильясова Г.О. және Стоматология факультетінің СТ15-001, СТ15-002, СТ15-004 топтарының студенттері.

Мерекелік іс –шараға факультеттің деканының орынбасары Жексембиева А.Д. және университетің кітапхана қызметкерлері қатысты. Іс –шарада кітапхана қызметкерлері «Қазақ елі Тәуелсіздігіне – 25 жыл» атты көрме ұйымдастырды. Студенттер тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи жағдайлар мен еліміздің жетістіктері мен табыстары туралы видеофильмдер, презентациялар, бірнеше қабырға газеттерін  және буклеттерін дайындады.

Концерттік бағдарламада ұлттық билер биленді, өлеңдер оқылды, әндер айтылды және  Қазақстан тәуелсіздігіне байланысты викториналық ойындар ойналды. Көрермен студенттер мен қонақтар  үлкен әсер алды.