Тәуелсіздік тарихы

7-желтоқсан күні «Биофизика курсымен информатика» кафедрасының оқытушылары Рахимбаева Г.С., Жыланбаева Б.К. және Бекенаева К. Стоматология және Жалпы медицина топ студенттерінің қатысуымен «Тәуелсіздік тарихы» Қазақстан жолы» іс-шарасын өткізді.

Іс шараның мақсаты – Тәуелсіздік жолында қазақ халқының басынан өткерген тарихи оқиғаларына сыйластық және құрметпен қарап, Республика тарихына дұрыс түсінік пен шынайы көзқарасты қалыптастыруда студенттердің бойында патриоттық рухын тәрбиелеу.

Іс-шара кезінде «Ақтабан шұбырынды» 1932-33 жылдардағы оқиғалар, 1986 жылдың 16-18 желтоқсан күндері болған оқиғалар желісінде қысқаметражды бейнефильмдер және презентациялар көрсетілді.

Сондай-ақ, сол сұрапыл жылдардағы болған қиын-қыстау заманы туралы қысқаша монологтар мен студенттердің өз туындыларынан шыққан өлең жолдары оқылды, желтоқсан оқиғасы негізінде құрылған қойылым орындалып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған бірнеше қабырға газеттері дайындалды.

Іс-шара студенттердің ұйымдастыруымен бірнеше музыкалық орындаулар мен халық билерімен көркемделді.

Әс-шара соңында ұйымдастырушы және қатысушы студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды.