«Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты дөңгелек үстел өтті

24 қараша күні ҚазҰМУ-дың мұражайында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты мерекелік кеш өтті.

Шараны  Қазақстан  тарихы  және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары: Жолдыбаева С.А., Абдразакова Н.А., Илгидаева С.М.және фармация факультетінің 1-курс студенттері ұйымдастырды.

Шара барысында «Елін сүйген Елбасы», «Тәуелсіздікке арнау», «Жаңаны кейіптеген Қазақстан», «Тәуелсіз елім — мақтанышым менің» атты тақырыптары бойынша шығармашылық баяндамалар мен «Ұлттық  би мен дәстүрлі ән шашу»  орындалды. Өнерлі студенттер шығармашылық баяндамаларға белсене қатысып, білім жарыстырды.Кештің басты мақсаты тарихтаіз  қалдырған Қазақстан республикасының Тәуелсіздікке  жеткен  жолын еске түсіріп, студенттердің бойындағы отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру болды.

Студенттер Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының еркіндік, бірлік, тұрақтылық гүлдену сияқты құндылықтары туралы мәліметтермен таныс болды.Кешке фармация факультетінің декан орынбасары Ұ.Т. Сқақова және ҚазҰМУ мұражайының қызметкерлері қатысты. Қорытынды сөзді кафедра меңгерүшісі З.У. Бисембаева аяқтады.