«Универсиаданы қолда» конкурсының жеңімпазы

28-шi Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада қарсаңында спортшыларымызды колдау мақсатында өткізілген «Универсиаданы қолда» конкурсының жеңімпазы Стоматология факультетi Студенттік Үкіметінің төрағасы Құрмантаев Еламан Нұрболатұлы атанды.

«Үздік жанкүйер» номинациясы мен арнайы Универсиада медалi табысталды. Конкурсты ұйымдастырушылар: ҚР Жоғары Оқу Орындары Ассоциациясы, Алматы қаласының Жастар саясаты баскармасы,  «Вечерний Алматы» газеті.