Университетімізде «Көктем балы» өтті

Көптен күткен Көктем балыда келіп жетті. Осы бір көктемнің  әсем  күні баршамызға ерекше  көңіл-күй  сыйлады. Университетіміздің ауласы кереметтей құлпырған қыздармен жігіттерге толып, толық дайындықпен келген әр факультет жұптары вальс биін билеп шықты.Көрермендер толық жиналды. Университеттің  күнделікті өміріне үйренген барша студенттер мен оқытушылар үшін бұл күн ерекше болды. Вальстың әуені жылы соғып,келгендердің көңілін көтерді. Ең алдымен, И.П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсындағы «Полонез» биімен басталды.Содан соң Георгий Свиридовтың «Метель»,кейін Нино Ротаның «Ромео и Джульетта»,И.Штраустың «Голубой Дунай» және «Весенние голоса», «Дунайские волны».Сонымен қатар,Шәмші Қалдаяқовтың «Кешікпей келем деп ең»,Әсет Бейсеуовтың «Шақырады көктем» әуендеріне билеген студенттердің биін жұрт қызыға тамашалады.

Біздің Стоматология институтымыздың қатысушыларының биін ерекше атап өтпесек сірә болмас. Өте үлкен жауапкершілікпен келген студенттеріміздің вальсі өте жоғары деңгейде шықты. Студенттерді дайындап,ұйымдастырып жүрген  факультетіміздің тәрбие жұмыстары бойынша декан орынбасары Алмагүл Сайпутдинқызына ерекше алғыс білдіргіміз келеді.

Кеш соңында ректорымыз Айқан Ақанұлы студенттермен бірге вальс биледі.Бұл кезде көрермендер ерекше қол соғып,қызыға қарап тұрды.Балға келген көрермендер қатысушыларға ерекше ықыластарын білдіріп жатты.Бал соңында студенттер мен оқытушылар бірге естелік суретке түсің,мәз-мейрам болып тарқасты.Бұл өткізілген бал жыл сайынғы дәстүрге айналады деп сенеміз.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Ермек Динара