Ш.АЙМАНОВ КИНОМОТОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТЕАТР МӘДЕНИЕТІНДЕГІ АЛТЫН ТҰЛҒА

Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулінде 25ақпан күні қазақ тілінде тьютор Манғытаева Б.Б.,эдвайзер Сағатбаева А.Д., тьютор Уразбаева Б.М.,

26 ақпан күні орыс тілінде тьютор Смагулова Е.Н.,  Баяхметова А.А.,Долгих В.Р.  СТ11-002-1-2т,СТ11-003-1-2т, ,СТ11-007-1-2топ студенттерімен Ш.Аймановатың  100-жылдық мерей тойына байланысты кеш өткізді. Кешке  декан орынбасары Қосмулдаева Ж.Н. және тәрбие жұмысына жауапты Назым Советбекқызы шақырылды сонымен қатар 4-5 курс студенттері де қатысты.   Студенттер Ш.Аймановтың өмірінен, жастық шағы, атқарған  іс шаралары, кино  өнеріне  келу  жолдары және  әр жылда шығарған кино туындыларынан үзінділер жинақтап, мультимедиялы презентация дайындаған.  Ш.Аймановтың  әр жылдары шығарған киноларының аты аталып, ол кісімен бірге өнер саласында еңбек еткен актерлер де ұмыт қалмады.

1953жылы  экранға  «Жамбыл» фильмі шығады, осы фильмде 38-жасар актерге өмір жолын енді бастаған жас жігіттің рөлімен бірге бір мезгілде қазақ ұлттық поэзиясының алыбы, жүз жасқа жақындаған Жамбылдың рөлін де сомдайды. Киноматографиядағы осы ең ірі рөл актерге кең танымалдылықпен бірге «ұлтық сипаттағы» эталон болды және кино өндірісіндегі ерекшеліктермен жақын танысып Аймановтың  творчествалық тағдырын шешті.

Ш.Аймановтың кинодағы профессионалдық өсу жолы өте қарқынды жүрді, оның айқын актерлік және режиссерлік жұмыстары халықаралық деңгейге көтерілді. 1954ж. экранға режиссерлік дебюті  «Махаббат туралы поэма» фильмі шықты.

Ш.Айманов кино саласында  жұмыс жасаған жылдары оннан астам көркем фильмдер шығарған солардың барлығы дерлік Ұлттық киноматографияның алтын қорына енген. 1953жылдан бастап   қайтыс болған 1970 жыл аралығында Ш.Айманов ұлттық киностудияның көркемдік жетекшісі болған, сценарист, актер және режиссер ретінде танылған, өзі құрған Қазақстан киноматографистер Одағын басқарған.

Оның фильмдерінің жартысынан көбі соғыстан кейінгі өмірді суреттеген, халықтар достығын,интернационализм тақырыбын ашып көрсеткен.Комедияға  көп көңіл  бөлген. Ол кісінің соңғы жұмысы тарихи-революциялық бағыттағы «Атаманның ақыры» фильмі еді.

Қазақ ССР-нің 4 және 7шақырылымда депутаттыққы сайланды.

Ағасы — Қазақ ССР-, Қазақ опера және балет театрының режиссёрі, Кенжетаев Каукен Кенжетайұлы (1916—2008)

Күйеу баласы —  СССР   халық әртісі Асанали Ашимов.

Алматы қаласында  Шакена Айманов атындағы көше және киностудия «Казахфильм» (1984ж.) бар. Шакен Айманов тұрған үйінде және киностудияда мемориальды тақта орнатылған. Киностудияда ШүАймановтың музей-кабинетті бар. Павлодар қаласында  Шакена Айманов атындағы кинотеатр бар

МАРАПАТТАРЫ:

  • 1952  Сталин силығы ( театрлық жұмысы үшін);
  • 1958  Бүкілодақтық кинофестиваль (Третья премия, фильм «Мы здесь живем»);
  • 1958  Ташкенттегі Азия және Африка елдерінің халықаралық кинофестивальі (Памятный диплом участия, фильм «Наш милый доктор»);
  • 1959  Бүкілодақтық кинофестиваль (Поощрительный диплом, фильм «Наш милый доктор»);
  • 1963  Орта Азия және Қазақстан республикасының кинематографистер-конкурсы (За лучшую режиссерскую работу, фильм «Перекресток»);
  • 1967  Қазақ ССР-нің Байсеитова атындағы мемлекеттік силығы (За художественное руководство, фильм «Крылья песни»);
  • 1969 Орта Азия және Қазақстан республикасының кинематографистер-конкурсы (Диплом, фильм «Ангел в тюбетейке»);
  • 1972  Қазақ ССР-нің Байсеитова атындағы мемлекеттік силығы (фильм «Конец атамана», посмертно);
  • Ленин Ордені;
  • Еңбек Қызыл ТУ Ордені;
  • «Құрмет белгісі» екі орден.

Бұл кештің жүргізілу себебі студенттерге тарихымыздағы ұлы тұлғаларды мақтан тұту, ұлттық құндылықтырды жоғалтпау,патриоттық және мақтаныш сезімін ояту.