Қазақстанның медициналық болон үрдісіне кіруі

25 мамыр күні  университетімізде  Халықаралық деңгейдегі құрметті  өкілдердің  қатысуымен  «Қазақстанның медициналық болон үрдісіне  өтуі»  атты  ғылыми-практикалық  конференция  болып  өтті. Конференцияда  әр  университеттің  ректорлары  өздерінің  жетістіктерімен, жаңа инновациялық  технологиялармен, әр  университеттің  өзінің  оқу  әдістерімен  бөлісті. Конференция соңында  қонақтарымызға  арнайы  «Көктем балы» ұйымдастырылды. Студенттердің  әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің  ұйымдастыруымен  өткізілген  балға  студенттердің  жоғары дайындықпен  келгені  көрініп тұрды. Келген қонақтар  вальсты  тым  ерекше  ықыласпен  тамашалады. Бұндай  әсем  вальсты  бұрын  соңды  көрмегендерін  айтып, таңқалыстарын  жасыра  алмаған  қонақтарымызда алаңға  шығып,студенттермен  биге  шықты. Барселона  университетінен келген  оқытушысы  Стоматология  институтың  студенттерінің  вальсін ерекше атап  өтіп, өзінің ризашылығын  білдірді.  Студенттерімізді  тағы да басқа  қырларынан  көреміз  деп  сенеміз.

Ақпараттандыру  және  қоғамдық  істер  секторы  Ермек  Динара