Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

24.01.2017 күні сағат 18.00-де стоматология факультетінің №5 жатақханасының оқу бөлмесінде биофизика курсының проф. Адибаев Б.М., аға оқыт. Алмабаева Н.М. және Умирбекова З.К. Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы бойынша кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағаттың жоспары бойынша студенттер дайындаған баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар жолдауда көрсетілген кейбір жағдайлар мен сұрақтар төңірегінде талқылау болды.

Соның ішінде:

  • Қазақстанның халықаралық аренадағы саяси жолы мен жоғарғы беделі;
  • Бәсекелестіктің артуы мен әлемдегі тұрақтылықтың болмауы;
  • Қазақстанның 25 жылдық тәуелсіздік жолындағы жеткен жетістіктері мен табыстары;
  • «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмеге дайындық.