«Қазақстан Республикасы-еркін тәуелсіз мемлекет»

13.12.2013ж терапиялық стоматология пропедевтикасы модулінде  кафедра деңгейінде  ТСПМ оқытушылары Баскакова И.В., Смагулова Е.Н.,Сағатбаева А.Д. ұйымдастыруымен  және 4,3 курс студенттерінің қатысуымен Тәуелсіздік күніне орай  «Қазақстан Республикасы-еркін тәуелсіз мемлекет» атты кеш өтті. Кеш модераторы ТСПМ оқытушысы  Смагулова Е.Н. Кешке деканаттан факультеттегі тәрбие жұмысына жауапты Назым Советбековна шақырылды.4 курс СТ10-008-01топ студенттері Есмагул А.,Ибрагимов Е.,Мададова Н., Серикқызы А., Ширяева Д. Оқытушы Сағатбаева А.Д. бірге «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік символдары.Тәуелсіздік символдары» атты презентация дайындады.  Мемлекеттің барлық азаматтары үлкен, кішіге қарамай  міндетті түрде мемелекеттік символдарға құрметпен қарауы керектігі,символиканы түсінуі және білуі қажеттігі көрсетілді. Өз мемлекетіміздің Жалауын, Гербін, Гимнін құрметтеу –өз Отанын құрметтеу болып табылады. Ол біздің конституциямыздың 9 және 34 статьяларының 2бабында жазылған. ҚР Мемлекеттік Жалауы 1992.06 айда бекітілген. Жалауды жасаған суретші Шакен Ниязбеков. 4.06.1992ж. ҚР Мемлекеттік Гербінің туылған күні болып саналады. Гербті жасаған  архитектор Жандарбек Малибеков және Шота Валиханов.ҚР Мемлекеттік Гимнінің негізі 1956 ж. ақын Ж.Нажмидинов және композитор Шәмші Қалдаяқов жазған. 2006ж басында біздің президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Халыққа патриоттық көңіл беретін өлеңге официальді статус беретін кезең туды!» деп атап көрсетті.Ол өлеңге жаңа текст беруге қатысты сөйтіп 2006ж.11 қаңтарда «Менің Қазақстаным» жаңа вариантта айтылды және осы күні Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың инагурациясы болды.

ТСПМ доценті Баскакова И.В  қадағалауымен  4курс студенті Асханова Зарина «16желтоқсан Қазақстанның Тәуелсіздік күні» презентациясын дайындады.  Презентацияда ҚР Президенті-Ұлт лидері Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы «Қазақстан-2050»; Тұрақтанған мемлекеттің жаңа саяси жолы-Стратегиясы» қарастырылды. Кеш соңында ҚР Гиміні айтылды. Студенттер мен оқытушылар құрамы  Еліміздің одан әрі көркеюіне, алдағы мақсат дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуге, Тәуелсіздік Туын биік ұстауына  ат салысатындағын айтты.