«ҚАЗҰМУ БІЛГІРЛЕРІ» АТТЫ ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ ТАРИХИ-ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ

«ҚАЗҰМУ БІЛГІРЛЕРІ» АТТЫ ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ ТАРИХИ-ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ

2015 ж. 28  сәуір күні Мәншүк  Мәметова атындағы №1 аудиторияда Студенттердің өзін-өзі басқаруын дамыту бөлімі мен «Қaзақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасымен бірлесе ұйымдастыруымен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің 85 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай «ҚазҰМУ БІЛГІРЛЕРІ» атты факультетаралық тарихи-зияткерлік сайысы өтті.

«ҚазҰМУ БІЛГІРЛЕРІ» атты факультетаралық тарихи-зияткерлік сайысына барлық факультеттің студенттерінен құралған командалар қатысты.

Сайысқа студенттер белсене қатысып, білгірліктерін таныта білді.

Сайыс қорытындысы бойынша БАС ЖҮЛДЕНІ «Жалпы медицина» факультетінің студенттері жеңіп алды.

1 орынды —  «Стоматология» факультеті, 2 орынды – «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеті,                 3 орынды — «Фармацевтика» факультетінің студенттері иеленді.

Іс-шара соңында жеңімпаздарға ҚазҰМУ «Демеу» студенттік кәсіподақ ұйымы атынан арнайы сыйлықтар мен марапаттау қағаздары табысталды.