ҚазҰМУ-де ТМД Стоматологтарының ХI Конгрессі өтті

16 мамыр күні  С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінде ТМД стоматологтарының  Қазақстандағы  тұңғыш съезді өтті. Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат –жаңа европалық технологиялар,аурулардың алдын-алудағы жаңа әдістермен алмасу еді.  Аталған  ТМД стоматологтарның  ХI   конгресіне  Бүкіләлемдік стоматологтардың  Федерациясынан және Еуропа стоматологтарының  Федерациясынан, Қазақстаннан  300 делегаттың  және 17 елден  67 делегаттың  қатысуымен өтті. Кездесу «Concordia»  театрнда өткізілді.Біздің елімізге көптеген қонақтар келді. Ректорымыз   Айқан  Ақанұлы  сыйлы қонақтармен жылы жүздесіп, оларға биік белестермен,ары  қарай  одақтас болуын жалғастыруды тіледі. Осындай іс-шаралардың жылдан-жылға дәстүр ретінде өткізіп тұру керектігінде айта кетті. Украинаның  Стоматологиялық Ассоциациясы  сонымен қатар  Грузия, Беларусия, Тәжікістан, Молдова, Армения, Қазақстан,  Қырғызстан  және  Түркіменстан елдерінің стоматологтары  тұңғыш  рет елімізде бас қосып, стоматологиялық көмектің  көрсетілуіндегі өздерінің  тәжірибелерімен алмасты. Конгрестің басты мақсаты- стоматологиялық  аулулардың  санының азаюына септігін тигізу  және медициналық  стоматологиялық  құрал-жабдықтардың  сапасын  арттыру,сонымен қатар стоматологиялық  ауруларды  диагностикалаудағы жаңа инновациялық технологияларды  енгізу болып табылды. Аталған іс-шараға Бүкіләлемдік Стоматологтар Федерациясының   президенті Орландо Монтейро  да  Сильва қатысып,өзінің ұсыныстарымен бөлісті.

Әрмен қарай  осы аталған  іс-шарада,жақында өткізілген  тұңғыш  5 курс студенттері арасында  өткен  Халықаралық  Стоматологтарының Олимпиядасының жүлдегерлерін  марапаттау рәсімі болып өтті. Орландо Монтейро да Сильва жүлдегерлерді құттықтап,өзі  марапаттады..Бұл олимпиадада  Бішкек қаласының  Қырғыз-медициналық академиясына  3 деңгейдің дипломы және қола кубок тапсырылды. 2 деңгейлі  дипломмен  күміс  кубокты  Алтай мемлекеттік  медициналық  университетінің  қатысушылары жеңіп  алды. Ал,жүлделі 1 деңгейлі  дипломды  және  жеңімпаздың  кубогын біздің  студенттеріміз жеңіп  алды.Топ капитаны  Сметов  Ғани ,құрамында   Тойбаева  Гульжан,  Титобаева Фатима , Абдуллаева Айсулу. Біздің  студенттеріміз  кереметтей  көрсеткіштер көрсетті!

Сонымен қатар,Қазақстан  Стоматолгтар  Ассоциациясының  президенті   және  стоматология  институтының  директоры  Есембаева  Сәуле  Серікқызы  өздерінің  алғыстарын  білдірді.

Ақпараттандыру  және  қоғамдық  істер  секторы  Ермек Динара