ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Дөңгелек үстел

20.12.16 ж. латын тілі курсында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға 1 курс, Стоматология факультетінің № 1 (1, 2), 2 (1, 2), 6 (1, 2), 7 (1, 2), 8 (1) топтары қатысты.

Студенттер Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы, оның шығу тарихы мен авторлары туралы айтып берді.

Іс-шарада тәуелсіз Қазақстан туралы фильм көрсетілді.

Студенттер көпұлтты Қазақстан, Отан, халықтар ынтымақтастығы туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқып, ән айтты.

Соңында, 07-2 тобының студенті Жақсылық Руслан «Тәуелсіз Қазақстан» туралы викторина өткізді. Викторинаға дұрыс жауап берген үш белсенді қатысушыға сыйлықтар берілді.