ҚР Тәуелсіздік күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді

2016 жылдың 7 желтоқсанында С.Д. Асфендияроров атындағы ҚазҰМУ хирургиялық стоматология кафедрасының базасы болып саналатын Алматы облыстық көп салалы ауруханасының жақ бет әлпеті хирургиялық бөлімінде жалпы факультеттік ҚР-ның тәуелсіздік күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Бұл іс-шараны стоматология факультетінің 4 курс студенттері және олардың жетекшілері м.ғ.д., профессор К.Т. Тулеуов, хирургиялық стоматология кафедрасының ассистенті К.С. Бименов ұйымдастырды.

Сондай-ақ конференция жұмысына м. ғ. д . профессор В.П. Русанов , әлеуметтік- тәрбие жұмысына жауапты декан орынбасары Жексембиева Анида Данияровна , хирургиялық стоматология кафедрасының ассистенті Н.Б. Мадраимов, Жақ- бет әлпеті хирургия бөлімінің дәрігер ординаторы А.С. Ажибеков, Н.С. Назаров және жалпы медицина факультетінің студенттері қатысты.