Өлмейтұғын артында сөз қалдырған!

Биыл Стоматология факультетіне 55 жыл толуына байланысты  университетіміздің қабырғасында бірқатар игі іс-шаралар өткізілуде.Соның бірі Ұлы ақын,жазушы,қоғам қайраткері,қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы ұлы тұлғалардың бірі Абай Құнанбаевқа арналған кеш өткізілді.Кешті өткізудің мақсаты студенттер арасында Абай Құнанбаетың есімін қайта жаңғырту.Бұл кешті ұйымдастырушылар сайыс түрінде өткізді.Сайыс шарты бойынша:

1.»Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы».Абай өлеңдерін жатқа оқу

2.»Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін».Студент шығармашылығы.

3.»Өлмейтұғын артында із қалдырған».Абайдың қара сөздерін көркемдеп оқу.

4.»Бәйге».Ақынның өмірі мен шығармашылығы  жайлы сұрақ.

Сайысқа әр факультеттен  студенттер қатысты.

Стоматология факультетінен 2 курс студенті Жолшыбекова Әсел және 1 курс студенттері Қалдыбай Жұлдызай мен Әбдраш Гүлзат қатысып жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін әділ-қазылардың бағалауымен жүлделі орындарға ие болды.Жалпы,бұндай игі іс-шаралар жастарымызға үлкен ой салары сөзсіз.Сайыс ұйымдастырушылары,

стоматология факультетінің студенттік үкіметіне және сайысқа қатысушыларға үлкен алғыс білдіре отырып,үлкен жетістіктер тілейміз.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Ермек Динара

,IMG-20140423-WA0001

IMG-20140423-WA0004 IMG-20140423-WA0005 IMG-20140423-WA0010 IMG-20140423-WA0011

IMG-20140423-WA0014

IMG-20140423-WA0016

IMG-20140423-WA0019 IMG-20140423-WA0020 IMG-20140423-WA0022

IMG-20140423-WA0030