Дүниежүзілік философтар күніне арналған «We and world»атты дөңгелек үстел

2017 жылдың 20 жұлдызында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында дүниежүзілік философтар күніне арналған «We and world»тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Кафедра оқытушыларымен ұйымдастырылған бұл кешке стоматология, жалпы медицина және мейірбикелік іс мектебінің студенттері белсене қатысты.

Дөңгелек үстелді кафедра меңгерушісі, доцент Бисембаева Зинагул Убайдаевна ашып, өз сөзінде философияның тарихына көз жүгіртіп, «Дүниежүзілік философия күнінің» маңыздылығын айта өтіп, қазіргі заманғы заман талабына қаншалықты сай келетіндігін баяндап өтті.

Үш бөлімнен құралған бұл кеште, аталған мектептің студенттері философия пәне бойынша өз білімдері бойынша сайысқа түсті. Нәтижесінде 1 орынды стоматология мектебінің студенті Амантай Ақерке, 2-ші орынды жалпы медицина мектебінің студенті Серік лаура иеленсе, 3-ші орынды жалпы медицина мектебінің студенті Ізтай Венера қанжығасына байлады.

Сондай-ақ плакаттар сайысы және эссе жазу бойынша конкурс та өтті. Сонымен аталған ғылыми-танымдық кешті стоматология мектебі деканының орынбасары Жексембиева Анида Данияровна қорытындылап өтті. Қатысушы студенттерге дипломдар мен сыйлықтар табыс етті