Информатика модулі оқытушылары №2 аяқ-қолы кемтар балаларға арналған мектепте НАУРЫЗ мерекесін атап өтті

Күн мен түн теңелетін, табиғат ана тамылжып, қыс бойы қар құрсауында болған тіршілік оянатын, жер мен көк жаңаратын мезгіл әз-Наурызға да келіп жеттік. Елімізде ұлыстың ұлы күнін атап өту шаралары қазірдің өзінде басталып кетті. Ата-бабамыздың озық дәстүрін жалғастыру мақсатында бұл күндері ағаш отырғызу, қайырымдылық шаралары өткізіледі. Сондай мақсатта 18-наурыз информатика модулі оқытушылары мен тьюторлары, жалпы медицина факультетінің 029-035 топтары және стоматология факультетінің 1-курс студенттерімен бірге Алматы қаласындағы №2 арнайы (түзету) аяқ-қолы кемтар балаларға арналған мектепте наурыз мерекесіне концерт ұйымдастырды. Кеште балаларға арналып әндер айтылды, ұлттық би биленіп, кеш жүргізушісі Аманжол Бибінұр балаларға түрлі ойындар ойнатып, жұмбақ жасырып, мақал-мәтел айтумен жарыстырды. Балаларды силықтармен мараппатады. Кеш соңында балалардың тұрмыс-тіршілігімен танысып мектепті аралап қайттық.