«Көркем сөздің жұлдызы» атты сайыс

Ағымдағы жылдың 3 қараша күні стоматология факультетінің №5 студенттер жатақханасында С.Ж.Асфендияровтың 125 жылдығына орай «Көркем сөздің жұлдызы» атты сайыс болып өтті. Іс шараға 1-3 курс студенттері қатысып,өз шығармашылығынан өлең оқыды. Бірі С.Ж.Асфендияров жайында өлең оқыса,бірі университетіміз жайлы сөз қозғады. Стоматология факультетінің студенттік үкіметінің ұйымдастыруымен өткен аталмыш іс-шарада С.Ж.Асфендияровтың жүріп өткен жолы жайында көптеген қызықты мәліметтеттер мен ақпараттар айтылды. Сондай ақ С.Ж.Асфендияровтың 125 жылдығына орай түсірілген арнайы репортажымыз жиналған көпшіліктің назарына ұсынылды.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара