Сапа аймағындағы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің саясаты

Хирургиялық стоматология пропедевтикасы модулінің тарихы

Хирургиялық стоматология кафедрасы Қазақ СКР ДМ 07.05.1962ж №203 бұйрығы негізінде құрылған. Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып, м.ғ.к., доцент Е.Ф.Чернов болды. АММИ дің емдеу ісі факультетін тәмамдап, Ұлы Отан Соғысында полктің аға дәрігері болып, кейіннен госпитальді хирургия кафедрасында клиникалық ординатураны тәмамдады, Евгений Феофанович жақ-бет хирургиясына қызығушылық танытып, хирургиялық стоматология бойынша, «Эпулидтер» тақырыбы бойынша, кандидаттық диссертациясын қорғап, өзінің өмірінің соңына дейін, жақ-бет аймағының хирургиялық стоматологиясына беріле қызмет атқарды.

Ол АММИдің стоматология факультетінің алғашқы деканы, стоматология кафедрасының меңгерушісі болды, ол кезде кафедрада, терапиялық, хирургиялық және ортопедиялық стоматология оқытылды, Қазақстанда стоматология бойынша докторлық диссертациясын қорғады, стоматологиның алғашқы профессоры болды, Республикалық стоматологтардың ғылыми-медициналық ортасының алғашқы төрағасы болды. Денсаулық сақтау минстрлігінің алғашқы басты стоматологі болды.

Профессор Е.Ф.Чернов

Е.Ф. Черновтың жас факультетке арнап, ғылыми-оқытушылық кадрларды дайындауда қосқан еңбек үлесі бағажетерсіз. Қысқа, әрі жеміті өмірінде Евгений Феофанович ғалым-педагогтар плеядасын құрды (Я.А.Раушенбах, Р.Г.Дмитриева, А.Н.Фокина, А.И.Химич, Л.Я.Зазулевская , Д.С.Сагатбаев, Т.К.Супиев, Г.Д.Мишина, К.Е.Рысдавлетов, В.В.Халитова, К.К.Куракбаев, Ш.Б.Камалов), олардың көбісі қазіргі таңға дейін көсбасшы мамандар.

Доцент М.П.Осколкова

1974-1980 жылдары кафедраны м.ғ.к., доцент Мария Павловна Осколкова меңгерді. Тәжірибелі клиницист, жақсы хирург М.П.Осколкова республика үшін, жақ бет хирургтерін дайындауда, стоматологтардың ғылыми медициналық ортасын жетілдіруде үлкен үлес қосты, стоматологтардың ғылыми Бүкілодақтық Басқармасының мүшесі болды.

Профессор Ж.Б.Уразалин

 

1980 жылдан, 2011 жыл аралықтарында, кафедраны медицина ғалымының докторы, профессор Ж.Б.Уразалин меңгерді. 1989 жылдан 2001 жыл аралықтарында, профессор Ж.Б.Уразалин С.Ж.Асфендияров атындағы АММИ-дің клиникалық жұмыстары жөніндегі, кейін оқу жұмысы жөніндегі проректоры қызметін атқарды. Ол 14. 00. 21 Стоматология – мамандығы бойынша, докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғай жөніндегі кеңестің құрылған уақытынан бастап (1991 жылдан), 2007 жыл аралықтарында үздіксіз төрағасы болды. Оның 100 аса баслымдық жұмыстары жарық көрді, соның ішінде мемлекеттік тілдегі бір оқулық, 6 оқу құралдары, 20 өнертабысы бар.

Профессор Ж.Б.Уразалин жоғары мамандандырылған, ғылыми кадрларды дайындауға көп уақыт бөледі, оның қоластында, 4 ғылым докторы және 15 ғылыми кандидаттары диссертацияларын қорғады, «ҚазҰМУ алтын қандауыры» иегері, 07.12.2010ж ҚР Президентінің жарлығына сай «Ерен еңбегі үшін» атты басшылық марапатымен марапатталды.

Жаксылык Бекбатырович Уразалин, 2010 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін, стоматология бойынша, оқу-клиникалық департаментінің директоры.

1992 жылдың қаңтар айында, хирургиялық стоматология кафедрасы госпитальді хирургиялық стоматология және хирургиялық стоматология пропедевтикасы на бөлінді, м.ғ.д., профессор Уразалин Ж.Б. және м.ғ.д., профессор Тулеуов К.Т. меңгерді. 1997 жылы кафедралар қайта – хирургиялық стоматология кафедрасына бірігіп, кафедраны м.ғ.д., профессор Ж.Б.Уразадин меңгерді.

12.07.2011 жылдың №1323л «Стоматология факультетінің кафедраларын модульдерге бөлі туралы», бұйрығына сай, хирургиялық стоматология кафедрасы – хирургиялық стоматология пропедевтикасы және хирургиялық стоматология модульдеріне бөлінді. 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап, хирургиялық стоматология пропедевтикасы модулінің жетекшісі болып, м.ғ.д., профессор Тулеуов Калдан Тулеуович тағайындалды.

Профессор Тулеуов К.Т.

 

Бүгінгі таңда хирургиялық стоматология пропедевтикасы модулі – бұл біріккен, үлкен творчестволық және клиникалық ынтасы бар, өткен ғұмыр салттарып жалғастырып, өз уақытында Қазақстан Республикасы стоматологиясының дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан ұжым.

Бүгінгі күні модульде, медицина ғалымдарының докторлары, профессорлар: Тулеуов К.Т., В.П.Русанов; доценттер: м.ғ.к. Т.В.Трегубова, м.ғ.к. Г.С.Стабаева; ассистенттер, медицина ғалымдарының кандидаттары: М.И.Вансванов, А.Т.Космагамбетова, Б.А.Амантаев, Ж.Ш.Угланов; ассистенттер: К.С. Бименов, Л.Ж. Акимжанова, М.В. Никипорец қызмет атқарады.

Кафедра ардагерлері кафедра профессорлары болып табылады, олардың стоматологиялық білім беруді ұйымдартырудағы, стоматолог мамандарды дайындаудағы, тұрғындарға жоғары дәрежелі көмек көрсетудегі бағажетерсіз. Олардың шәкірттері мемлекеттің әр түпкірінде ғана емес, сондай ақ, жақын және алыс шет елдерінде де қызмет атқарып жүр.

Модульдегі оқу үрдісі, оқу бағдарламасына және мамандар компетенциясына сай, үнемі жетілдіріліп отырады, жаңа оқыту әдістері және түрлері, компетенцияларды бағалау әдістері енгізіліп, әдістемелік жұмыстары жаңғыртылып, дамып келеді.

Модуль ұжымы үнемі жемісті жұмыстар атқарады. АККЕ өте қиын, туа пайда болған және жүре пайда болған ақаулармен ауытқуларды қалпына келтіру операциялары, жақ бет аймағының қатерсіз ісіктерін алу операциясы, қабынулық және травмалық жарақаттары бар науқастарға жоспарлы және жедел көмек көрсетіледі.

РҒОКО клинкалық базасында тұрғындарға хирургиялық стоматологилық тұрғыдан, емдік-нақтамалау көмегі көрсетіледі, тіс қатарының әртүрлі ақаулықтарына дентальді имплантология жасалынады.