Стоматология институты басшылығының қысқы сессиядан кейінгі 5-курс студенттерімен кездесуі

27.02.2013 ж Стоматология институты басшылығы 5-курс студенттерімен кездесіп қысқы сессия қорытындысы мен алдағы жоспарлары жайында таныстырып өтті.Алғашқы сөзде Стоматология институтының директоры Есембаева Сауле Серікқызын тыңдадық: С.Ж Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ректоры Ақанов А.А студенттер науқаспен ем жүргізу үшін тегін қабылдауға рұқсат етті.Тек ортопедиялық стоматология мен ортодонтиядан 50% жеңілдік жүргізілетіндігін айтты.Сонымен қатар Сауле Серікқызы 5-курс студенттеріне алдағы мемлекеттік емтиханда сәттілік тіледі.

Стоматология институтының деканы Амантаев Б.А мультиймедиялық презентация арқылы Қазақстан Республикасы президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының 2050-Қазақстан халқына жолдауын талқылады. Жалпы медицина саласындағы жаңа бағыттар мен бағдарлады қолға алып жаңа техналогияларды қолдануға бет бұру қажет екендігін талқылап өтті.

ӘТЖЖБ бастығы Сұлтанова Макпал Табылдықызы 5-курс студенттерінің бітіру кешінде киілетін мантия жайында толық мәлімдемелер беріп,студенттер алдағы уақытта тізімдері мен тапсырыстарын берулерін айтты.

Стоматология институтының оқу департаменті директоры Баскакова И.В төмендегідей мәлімдемелерді айтып өтті. 5-курста Мемлекеттік емтиханның бірінші кезеңі,яғни тестілеу 200 сұрақтан тұратынын,онда 4 пәннен 50 сұрақтан болатынын.ал тәжірибелік дағдыларыңызды бағалау бір күнде жүргізілетіндігін немесе 4-пәннен,яғни терапиялық стоматология,хирургиялық стоматология,ортопедиялық стоматология,балалар жасындағы стоматологиядан 4 күнде жүргізілетіндігін айтып ,тәжірибелік дағдыны қалай жүргізу сіздерге тиімді екендігін талқылап ,маған топ старосталары шешімдеріңізді айтуыларыңызды сұраймын.Тағы айта кететін мәселе жаға МОЖТ бойынша алғашқы медияциналық көмекті көрсету бойынша Симуляциялық орталықта тапсыру қажетсіздер.

Стоматология институтынды ғылыми жұмыс бойынша жетекші Искакова М.К Стоматология институтында студенттік ғылыми үйірмесінің жоспарымен таныстырды. Алда сәуір айында факультеттік студеттік үйірмесінің отырысын жоспарлап отырмыз,онда әрбір модулдік СҒҮ жолдама алған студенттер қатысатын болады.Сонымен қатар мамыр айының 12-15 жұлдызында Стоматология бойынша 5-курс студенттері арасында Халықаралық олимпиада жоспарлап отырмыз.Олимпиаданың шартымен таныстыратын болсам 4-студенттен тұратын команда құралады.әр бір студент терапиялық стоматология,ортопедиялық стоматология,хирургиялық стоматология,балалар жасындағы стоматология пәндері бойынша тапсырмаларды орындайды.алғашқы тур тестілеу,екінші кезең тәжірибелік дағдысын бағалау.Студенттерде жеке нөмерлері болады,бағалау бірден жүргізіледі,марапаттау кеші 16.05.2013ж өтеді.Қатысамын деген студенттер топ құрып тапсырыс берулеріңізді сұраймын.

Стоматология институтының оқу жұмысы бойынша декан орынбасары Құсмолдаева Ж.Н мультиймедиялық презентация арқылы 5-курс студенттерінің қысқы сессиясы жайында есеп берді,айта кететін жайт 5-курс студенттері арасында қайталау курсына қалған,академиялық демалысқа шыққан студенттер жоқ.

Стоматология институтының тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары Сайпудинқызы.А мультиймедиялық презентация арқылы стоматология институтында жүргізілген мерекелік іс-шаралар жайында есеп тапсырды.