Стоматология факультеті деканаты мен аталмыш факультеттің 1,2 курс студенттерімен кездесуі болып өтті.

17.10.2012 күні Стоматология факультетінің деканы Амантаев Бақанай Амантайұлы 1,2 курс студенттерімен ашық түрде кездесу өткізді.Кездесуге оқу ісі бойынша декан орынбасары Құсмолдаева Жазира Нұласылқызы, тәрбие жөніндегі декан орынбасары Алмагүл Сайпудинқызы, Стоматология институтының «Жас ғалымдар» мен «Студенттер ғылыми үйірмесі» жетекшісі Мариям Қозыбайқызы және ҚазҰМУ ректор кеңесшісі Марат Владимирұлы қатысты.

Кездесудің мақсатына тоқталсақ факультетімізде құрылған студенттік деканаттың құрамымен таныстыру, 1 курс студенттерін сабақ үрдісімен және тьюторлармен таныстыру. Яғни тьюторлардың атқаратын қызметі және олардың университетімізде алатын орны жайлы түсіндіру.

Кездесу барысында университетімізде болып өткен факультет аралық «Азаматтық қорғаныс » жарысында жүлделі 2- ші орын иеленген 1 курс студенттерін қошеметтеп өтті.

Сонымен қатар ректор кеңесшісі Марат Владимирұлы студенттерге Жемқорлық жайлы, оның мемлекетімізге және әрбір субъектіге келтіретін зардабы жайында, жемқорлықпен күресу, яғни алдын алу және қарсы тұру жолдарын түсіндірді. Студенттерге біз болып, сіз болып жемқорлыққа қарсы тұруға шақырды.

Студенттермен декан арасында сұрақ-жауап болып, өздерінің мазалап жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.

Сөзімізді қорытындылайтын болсақ бұл кездесу ай сайын дәстүрлі кездесу ретінде алдағы уақытта өз жалғасын тауып отырады.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы: Ермек Динара