Стомотологиялық факультеттің Студенттік үкіметі “Concordia” театрында кастинг ұйымдастырды

2016 жылы 28 қазан күні Стомотологиялық факультеттің Студенттік үкіметі “Concordia” театрында кастинг ұйымдастырды. Үміткерлер тіркеуден өтті және өздерінің реттік нөмірлерін алды,барлық тіркелуші студенттер саны 54 болды. Қыздар және жігіттер өздерін вокаль,хореографиялық жағынан,мәнерлеп оқу, жүргізушілік тұрғысынан сынап көрді. Әділ қазылар алқасында “студенттермен жұмыс жасау жөніндегі басқарманың” орынбасары Байзаханов Аслан Әділханұлы, әлеуметтік тәрбие жұмыстары бойынша деканның орынбасары Жексембиева Анида Даниярқызы және 2-5 курстың белсенді студенттері болды.Кастинг 3 сағатқа созылды, осы уақыт аралығында үздік әншілер,бишілер,домбырашылар және тіпті битбоксерлер анықталды.