Студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтады

5 қыркүйек күні Стоматология факультетінің студенттік деканатының ұйымдастыруымен 1 курс студенттерін жаңа оқу жылымен құттықтау мақсатында концерттік бағдарлама қойылды.

Аренада өткен бұл концертке күннің ыстығына қарамастан студенттермен оқытушылар келіп,тамашалады.

Стоматология факультетінің өнерлі әрі белсенді студенттері,атап айтсақ, Текемұрат Құралай,Бөріхан Ерболат,Балқан Ақылбек , көрермендер алдында ән салып,студенттерді құттықтады.Аталған іс шара өте жоғары деңгейде өтті.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара