Тәртіп бұзушылықтың алдын-алу және студенттердің өзін-өзі ұстай білуі

01.03.2014 жылы «Тәртіп бұзушылықтың алдын-алу және студенттердің өзін-өзі ұстай білуі» атты тақырыпта ҚазҰМУ-нің 1, 2, 3 курс тьюторларының қатысуымен семинар өтті.

Семинарға Алматы қалалық дін істер басқармасының бас маманы Дурсунов Расул Ансарұлы, Алматы қалалық орталық мешіттің наиб имамы Тлеубердиев Асан Әбдіқұлұлы және ректордың көмекшісі Нургазинова Светлана Жакуповна қатысып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу туралы айтып, бейне көрініс көрсетті. Тьюторлармен пікір алмасып, диспут жүргізілді. Теріс ағымдарға қарсы әрбір мешітте күніне 40-50 минуттық дәрістер оқылып жатқанын атап өтті.

Стоматология факультеті оқу ісі жөніндегі декан орынбасары Құсмолдаева Жазира Нұрасылқызы және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Тастеева Назым Советбекқызының басшылығымен стоматология факультеті 1, 2, 3 курс тьюторлары Баракова Алия Шаризатовна, Жусипбекова Шолпан Ерлепесқызы, Альтекова Інжу Сержановна, Жакипова Шынар Аубакировна, Рахымбаева Гүлбаршын Советқызы, Садуақасова Гульмира Мырзабековна, Бекенаева Қымбат Слямқызы, Досбердиева Гульбану Турдалиевна, Рузденова Алтынай Сапаровна, Мухамедиярова Марал Маратовна, Дурумбетова Маргарита, Караськова Диана Сергеевна, Мангытбаева Батима Бекдаировна, Уразбаева Бахыт Мырзашевна, Сухачева Татьяна Михайловна, Жаханова Света Нурсағатовна қатысып, дін басқармасының өкілдерімен пікір алмасты.