«Факультет аралық» дебат ойындарының финалы

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ- ң «ҚазҰМУ-Arlan`s» дебат клубының ұйымдастыруымен дебат клубының дәстүрге айналған факультет аралық дебат ойындары бұл жылы да өз жалғасын тапты.

Әр күн сайын әр факультеттен шыққан фракциялар арасында іріктеу ойындары өтіп отырды.Мықтылары келесі турға өтіп,фракцилар саны азая берді.

Ақтық сынға 4 фракция шықты. Олар:«Naiman`s» ,«2020»,«Maximum»,«MS».

Финал өте тартысты болды. 2011 жылы 1 орынды «Стоматология» факультетінің фракциясы Бақытжан мен Ерболат жеңіп алған болатын, ал биыл кубок «Naiman`s»фракциясы Алмас пен Мирасқа бұйырды.

Жеңімпаздар марапатталып, көрермендер көтеріңкі көңіл — күймен тарқасты.

Құттықтаймыз!!!

Стоматология факультетінің ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара