Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақ хандығына 550 жыл

Биылғы жыл біздің еліміз үшін айтулы күндермен ерекшеленеді.

Президент Н.Ә.Назарбаев: Қазақстанның тәуелсіздігі деген өте қасиетті ұғым. Бабалардың аңсағаны біздің буынның бақытына келді. Оны сақтау бәріміздің парызымыз. Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады – деп айтпақшы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толып отыр. Сол себептен осы айтулы датаға орай Медициналық биофизика және биостатистика модулінің доценті Аймаханова А.Ш., аға оқытушы Алмабаева Н.М., оқытушы Ахтаева Н.С. Стоматология факультетінің жоспарына сәйкес іс-шара ұйымдастырды. Іс – шарада Қазақ хандығындағы Наурыз мерекесін тойлау көрінісі көрсетілді (елшілердің келуі).

Студенттер өз өнерлерімен қатар қазақтың салт дәстүрлерін назардан тыс қалдырмады (асық ату, беташар, қазақша күрес және т.б.).