2014 жылдың 17 сәуірінде «Concordia» театрында 15-сәуір «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» мерекесі қарсаңында өткен факультетаралық «Бозбала мен Бойжеткен сайысы» өтті. Университеттің 4 факультетінен құралған төмендегі жұптар қатысты:
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу рөлінде –Жалпы Медицина факультеті;
Ләйлі мен Мәжнүн рөлінде-Стоматология факультеті;
Еңлік пен Кебек рөлінде-Фармацевтика факультеті;
Қыз Жібек пен Төлеген рөлінде-Қоғамдық денсаулықты сақтау факультеті.
Жоғарыда аталған 4 жұпты сарапқа салған әділқазылар мүшесі болды.
Малаева Индира-«Студенттердің өзін-өзі басқару және шығармашылығын дамыту бөлімінің» бастығы, әділқазылардың төрағасы;
Маралбек Әсел- «Әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі басқарманың» бас маманы;
Абсаттарова Салтанат-Университеттің көркемдік жетекшісі;
Бидибеков Малик-Университеттің режиссеры.
Әр факультеттен құралған жұптар 3 кезең бойынша сайысқа түсті.
Love store
Саған сенемін
Өз өнерлерін көрсетеді.
Әр жұп өз өнерлерімен ерекшеленді.Стоматология факультетінен Ләйлі мен Мәжнүн атанған 1 курс студенттері Қалдыбай Жұлдызай мен Жолжанов Бауыржан қатысып жүлделі 2 орынды иемденді.
Жарайсыңдар,жас таланттар!
Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Ермек Динара