«1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне» арналған салтанатты жиын

«1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне» арналған салтанатты жиын 24.11.2016 жылы сағат 15:00-17:00 дейінгі аралықта Қазақ Ұлттық Медицина университетінің кітапханасының 3 қабатындағы ғылыми оқу залында өтті. Салтанатты мерекені тіршілік қауіпсіздік курсының меңгерушісі, доцент С.М.Зикриярова мен  оқытушы Э.И.Кусайынова ұйымдастырды. Салтанатты жиынды тіршілік қауіпсіздік курсының меңгерушісі, доцент С.М.Зикриярова ашып берді. Кеш қонақтары: ректор кеңесшісі, м.ғ.д. профессор Мустафина Ж.Ғ, стоматология факультетінің деканы, м.ғ.к.,доцент Амантаев Б.А.,әлеуметтік тәрбие жұмысы деканының орынбасары Жексенбиева А.Д., Алматы қаласы Медеу аудандық «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары Халбеков А,Б., студенттермен жұмыс істеу басқарма басшысының орынбасары Байзаханов А.А., кітапхана меңгерушісі Асанова А.Б.

Бұл дөңгелек үстелде Елбасымыздың өмірбаяны мен жастық шағы, атқарған қызыметтері жөнінде презентация жасалды. Сонымен қатар 25 жыл тәуелсіздігіміздің  іргесін қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президентіміздің халық арасындағы ұшан теңіз еңбегі туралы фильм көрсетілді.  Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы Президенттің қызыметімен тікелей байланысты. Яғни Ұлт Көшбасшысының ғылыми, саяси ізденістерімен байланысты бірнеше кітаптары жарық көрген. Осы кітаптары бойынша «Қазақстан жолы», «Тәуелсіздік шежіресі», «Елбасы жолдады, елі қолдады», «Әлем Қазақстан туралы.Әлем Президент туралы», «Елмен сырласу», «Бейбітшілік кіндігі», «Тарих толқындары», «Ғасырлар тоғысқанда», «Сындарлы он жыл», «G-global 21 ғасыр әлемі» кітапханада көрме ұйымдастырылды.  Көрменің негізгі мақсаты жастарға Елбасымыздың ,Тәуелсіздігіміздің 25 жыл ішіндегі ел тарихы, елдің дамуы, басқа елдермен сыртқы қарым-қатынасы туралы мәлімет беру. Дөңгелек үстелдің басқы шараларынан кейін  жалпы медицина факультетінің 3 курс студенттерінің концерттік бағдарламасымен жалғастырды.

Салтанатты жиынның соңында шақырылған қонақтарға сөз берілді. Дөңгелек үстелді қорытындылау курс оқытушысы Э.И.Кусайыноваға берілді. Ол кісі дөңгелек үстелді қорыта келе Қазақ Ұлттық медицина университетінің кітапхана қорына  Қазақ Ұлттық энциклопедиясының бас редакторы Мауытов Нұрымжан Сұлтан-Керейұлы атынан  Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяндық энциклопедиясын тарту етті.