1 курс студенттеріне сынақ кітапшалары табыс етілді

Стоматология  факультетінің  деканы  Амантаев Бақанай  Амантайұлының  жеке бастауымен және де  информатика  кафедрасының  ұжымының  атсалысуымен   1  курс  студенттеріне  салтанатты түрде сынақ  кітапшалары  тапсырылды. Осыған  орай  стоматология факультетінің  студенттік  деканатының  ұйымдастыруымен  шағын концерттік бағдарлама қойылды. Студенттік  аренада  өткен  іс-шараға көрермендер  көп жиналды.

1  курс студенттерін жаңа  оқу  жылымен  тағы да құттықтай  отырып,алдағы  қиын  да қызықты  студенттік  өмірде  үлкен  сәттілік  тілейміз!!!

Ақпараттандыру  және қоғамдық істер  секторы

Ермек Динара