1-мамыр «Бірлік күні»

«Бірлік бар жерде — тірлік бар» дейді біздің халық. Дана жұрт  мұны  тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік  пен түсіністік, қарапайым  сыйластық үстемдік  құрған  жерлерге  қашанда  нәтижелі  істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

Біздің университетімізде бірлікті насихаттау мақсатында игі іс-әрекеттер жасап келеді.

Сәуірдің  30 күні  сағат  16.00де  «ARENA»  алаңында   «Біз Қазақстандықтармыз»  атты  этнофестивалі  өтті. Университетімізде  дәстүрге  айналған  бұл шарада   қазақ, өзбек, орыс, корей, ұйғыр, әзірбайжан,  түрікмен,  түрік,  татар,  үнді, ауған, тәджік ұлттарының  ұлттық киімдерінің, ұлттық тағамдарының,ұлттық ойындарының көрсетілімі болды. Және де  көрермендердің  назарларына  әр  ұлттың ұлттық ән мен би нөмірлері  ұсынылды.

Үлкен іс-шараның алғы  мақсаты  «1-мамыр  Қазақстан халқының бірлестігі» күніне  орай  ұйымдастырылды . Көп  ұлтты  еліміздің  ынтымақтастығы, татулығы  біздің  жарқын  болашағымыздың негізгі кепілі.

Университетімізде  33 ұлт  өкілдерінің студенттері оқиды.  Сондықтан  бұл этнофестивалімізді  студенттер  асыға күткені рас.

Стоматология  институты  өзіміздің қазақ  ұлтын  насихаттады.

Ұлттық  биіміз  «Қара  Жорға»  биі  биленді. Қазақ  халқының  ұлттық тағамдары  қойылып, мың  бұралған  бишілеріміз  бен  жезтаңдай  әншілеріміз  өнер көрсетті. Көрермендер  іс-шараны  қызыға  тамашалап, көңілді отырды. Бұл  жолы  аталған  концерттік  бағдарламаның  ерекше өткені сөзсіз көрініп  тұрды. Университет  ректоры  Айқан  Ақанов  аталған  іс-шараның құрметті  қонақтары  қатарында  отырды.Сонымен  қатар,  Қазбек Ағабылұлы,Алшынбай  Рақышев  сынды  қонақтар мен  факультет  декандары   қатысты.

Әр  ұлт  өкілдерін  нақыштаған  студенттер  ұлттық  тағамдардан  қонақтарға  дәм  татқызды.

Соңында  қатысушылардың  барлығы  жиналып,бір  шаңырақтың  астындағы  бейбітшіліктің  үлгісін  көрсетті.

Бұндай  іс-шаралар  жыл  сайын жалғасын  табатыны  сөзсіз!

Ақпараттандыру  және  қоғамдық  істер  секторы  Ермек  Динара