1 қыркүйек-Білім күні

1 қыркүйек-Білім күні

С.Ж.Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ де «1 қыркүйек-Білім күніне» орай 1 курс студенттерін қабылдау рәсімі өтті. Биылғы 2015-2016 оқу жылында стоматология факультетіне  барлығы 131 студент оқуға түсті,оның ішінде 100 келісім-шарт,31 грант. Мерекелік жиында университет ректоры Ақанов Айқан Ақанұлы,Бақылау кеңесінің төрағасы Шарманов Төрегелді Шарманұлы құттықтау сөздерін ортаға салды.Сонымен қатар,барша декандар атынан Жұмашева Рахима Тәжібайқызы,университеттің студенттік үкіметінің төрағасы Бөріхан Ерболат Абайұлы  сөз сөйледі.Стоматология факультетінің деканы Амантаев Бақанай Амантайұлы 1 курс студенттерімен кездесу өткізді. Аталмыш кездесуге стоматология институтының оқу ісі департаментінің директоры Баскакова Ирина Анатольевна, декан орынбасары Жазира Нұрасылқызы және студенттік үкімет және студенттік деканат мүшелері қатысты.  Белсенді студенттерден арнайы гидтер құралып,студенттерге университет құндылықтары таныстырылды.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара