15.05.13 5курс стоматолог-студенттері арасында тұңғыш Халықаралық Олимпиада.

Бұл жылы 15 мамыр күні ҚазҰМУ-де тұңғыш Стоматология бойынша Халықаралық Олимпиада болып өтті. Ол 5 курс студенттері арасында өткізілді. Олимпиадаға 24 қатысушы , 6 команда қатысты.Олар әр елдің өкілдері:Қырғызстан, Ресей және Қазақстан. Бұл командалар Семей қаласының Мемлекеттік Медициналық университеті, И.КАхунбаев атындағы Қырғыз Медициналық академиясы, Б.Н.Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университеті,Алтай Мемлекеттік Медициналық университтеті,Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті және өзіміздің С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университеті.Олимпиада басталмас бұрын реторымыз Айқан Ақанұлы қонақтармен сәлемдесіп,қатысушыларға сәттілік тіледі.Университетіміз жайлы қонақтарға шолу жасап өтті. Әрмен қарай өзінің жылы лебізімен Қазақстан Стоматологтар Ассоциясының Президенті ортаға шықты,сонымен қатар Стоматология институтының директоры Есембаева Сәуле Серікқызы және Стоматология Институтының ғылыми жұмыстарына жауапты Ысқақова Мәриям Қозыбайқызы сөз сөйледі.

Алдымен,студенттерді қаламен,университеттпен таныстырды.Ары қарай студенттердің ғылыми жұмыстары тыңдалды.Қатысушылардың жұмыстары қызық болды.Студенттерге сұрақтар қойды. Әрмен қарай келесі кезеңдерге өтпес бұрын студенттерді асхана апарып,тамақтандырды.Қатысушылар Алматы қаласының әсем жерлерімен танысты.

Бұндай Олимпиадалар жыл сайын өткізіліп тұрады деп сенеміз!

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Ермек Динара