«25 ЖЫЛ: Бір Ел. Бір Тағдыр. Бір мақсат»

«25 ЖЫЛ: Бір Ел. Бір Тағдыр. Бір мақсат»

(ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай)

факультетаралық студенттік ғылым фестивалі

2016 жылы 13 қарашада С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті кітапханасының көркем-әдебиет қорының 423 аудиториясындастуденттік ғылым фестивалі өткізілді.

Іс-шарағаҚазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық  пәндер кафедрасының ұстаздары, стоматология факультетінің 1 курс, жалпы медицина факультетінің 1 курс,шетел студенттері қатысты. ҚР әнұраны орындалды.

Студенттік ғылым фестивалін Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі филос.ғ.к., доцент Зинакуль Убайдайқызы  Бисембаева ашып, фестиваль қатысушыларына алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.

Келесі сөз: ақын, ҚР жазушылар одағының мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының редакторының орынбасары Саят Қамшыгерге берілді. Ол өз шығармашылығынан Отан, патриотизм, мәдениет, тәрбие тақырыбында өлеңдерін оқып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі студенттік фестивальеліміздің тарихына деген құрметін білдіредідеді.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық  пәндер кафедрасының оқытушысы Меруерт Досқалиева «The RK: history of independence», ЖМ 16-002 топ  студенті Тұрақова Жансая «ҚР Тәуелсіздігіне – 25 жыл» (жетекшісі аға оқытушы Сымбат Илгидаева),  ЖМ 16-037 топ  студенттері Рахматулозада Нилюфар, Туркмани Насиба, Hайма Дауба, Вину  Приянка «The formation stages of  the RK» тақырып аясында баяндамаларын оқыды. ЖМ 16-002 топ студенті  Ерсінбек Еркежан«Атамекен» әнін орындады.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Ғайни Төлеуқызы Рсалдинаның айтуын­ша, бүгін – өте маңызды мерекелік іс-шара болды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына университет студенттерінің қосқан үлесі деуге болады. Осындай қадамда­р арқылы Қазақстан Тәуелсіз­дігінің 25 жылдығына,студенттертиянақты дайындықпен келгендері көрініп тұр. Бұл айтулы мерекеніңосымен шектелмейтіндігі айқын. Сонымен қатар Егемендіктің ширек ғасырлық мерейтойын атап өту жыл бойыөз жалғасын табады деген тілегін айтып іс-шараны қорытындылады.

Студенттік ғылым фестивалінің  модераторы:

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық  пәндер кафедрасыныңдоценті, т.ғ.к. Н.К. Дюсенова