Cтоматология факультетінің студенттік үкіметі ұйымдастырған факультет студенттеріне арналған кастинг

«Сіз стоматология факультетінде оқисыз және талант иегерісізбе? Әртістік қабілетіңіз барма?»

Қазан айының 7-і күні «Concordia» театрында, сағат: 15-00 де стоматология факультетінің студенттік үкіметі ұйымдастырған факультет студенттеріне арналған кастинг жарияланған болатын.  Бұл кастингтың басты мақсаты факультетіміздің гүлденуіне үлес қосу үшін талантты студенттерді іздеу және студенттік үкіметтің құрамын толықтыру болатын. Кастинг барлық студенттерге студенттік өмірінің қызықты өтіп, лидерлік қабілетін дамытуға және үнемі көпшіліктің назарында болуға мүмкіндік беретін бастама болды. Кастингке стоматология факультетінің өнерлі студенттері келіп қатысты. Биылғы оқу жылында жалынды жастардың көп екеніне осы кастинг дәлел болды. Кастинг жан-жақты өткізілді. Би, ән, өлең оқу, өнер көрсету, жүргізушілік қабілеті жағынан да қаралды. Әділқазылар студенттерді мәдени дамытушы маманы Салтанат Акенқызы, стоматология факультетінің үкіметі төрайымы  Ермек Динара,  4-ші курс студенті Балқан Ақылбек және 3-ші курс студенті Әбрәш Гүлзат болды. Аталған кастинктың талаптары бойынша, тапқыр, еңбекқор, батыл, әртістік қабілеті бар, көпшіліктің алдында өнер көрсете алатын және жауапкершілігі зор, өзіне сенімді студенттер таңдалып алынды. Таңдалған студенттер алдағы уақытта факультетіміздің көркеюіне өз үлестерін қосатынына сеніміміз мол.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Әлжекесова Бибігүл