«Бір тамшы нәр»

29.04.13 күні де Университетіміздің Микробиология, иммунология және вирусология кафедрасының оқытушысы Жадыра Көрікбайқызы, стоматология институтының 2 курс студенті Бөріхан Ерболат және Медико профилактикалық факультетінің 2 курс студенті Орынбасар Әсемнің ұйымдастыруымен «Бір тамшы нәр» атты қайырымдылық іс шарасы өтті. Қайырымдылық іс-шарасын өткізуге Университеттің ақ халатты абзал жандары, қызметкерлері және Университет басшылығы да үлестерін қосты. Қайырымдылық іс-шара жаста болса қатал тағдырдың сынына ұшыраған Атыраулық 3 жасар Ислам деген кішкентай бөбегіміздің операциясына арналды.

Кеш барысында жақында ғана Қазақстан ұлттық телеарнасы түсірген видеоролик көрсетілді. Кішкентай бөбегі үшін пана іздеген анаға бізде өз көмегімізді қолдан келкенше аянбадық. Концерттік бағдарламамызда университетіміздің әншілері, бишілері, домбырашы, ақын және қобызшы ұл, қыздарымыз өз өнерлерін көрсетті. Жалпы сомасы 320 000 астам қаржы жинап берген барша университет жанашырларына алғысымызды білдіреміз. Жылына бір рет «Бір тамшы нәр» атты қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастыруға ұсыныс білдіреміз.

Алла қолдап,Исламның дертінен тезірақ айықсын деп тілейміз.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Ермек Динара