Информатика модулі «Алтын күз-2013» мерекесін өткізді

Қазан айының 25-де университетіміздің, Арена алаңында, информатика модулі мен стоматология факультетінің 1-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Алтын күз» мерекесі аталып өтілді. Күз – байлық, күз – молшылық, күз – қуаныш, күз – шаттық – демекші жылдың ең тамаша мезгілінің бірі – Күз мезгілі. Сондықтан осы мерекені атап өту барысында байқау ұйымдастырылды. Байқауда стоматология факультетінің 1-курс студенттері топтарына жеміс атауларын беріп, оларға арнап киім үлгісін мен тағамдар дайындап өз өнерлерін көрсетті. Кеште ән-айтылып, күй шертілді. Кеш тартымды өтті. Кеш соңында факульетіміздің деканы Бақанай Амантайұлы мен модуль жетекшісі Жанар Жұбандыққызы кешке белсенді қатысқан студенттерді марапаттап, алғысын білдірді. Бұл кеш студенттердің көңілін көтеріп тастады десек болады.

Тағы да күз, тағы міне сары таңды ұзақ күн

Уысында тағы мен ұйқы деген тұзақтың

Ой-хой, шіркін тағы міне мен бір күзді ұзаттым – деп биыл «Алтын күзді» ерекше көңіл күймен өткіздік.

Аға тьютор Баракова А.Ш.