Стоматология факультетінің студенттері Мұрат Әуезовпен кездесуде болды.

Стоматология факультетінің студенттері Мұрат Әуезовпен кездесуде болды.

Ағымдағы жылдың 3 сәуір күні Ұлттық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі,филология ғылымдарының докторы, профессор Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың электронды парақшасының ашылуына орай, қазақтың заңғар жазушысы — Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың баласы мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған Мұрат Мұхтарұлы Әуезовпен кездесу болып өтті.Ұлы тұлғамен кездесуге Мұстафина Жанара Ғабиденқызы,Советхан Габбасов және стоматология факультетінің деканы Амантаев Бақанай Амантайұлының жетекшілігімен 3 курс 12-002-01 топ студенттері қатысты. Сонымен қатар Мұхтар Әуезовтың ұрпақтарымен өзге университет студенттері де аталмыш іс шарада болды. Іс шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа, қазақ халқына елең еңбегі сіңген Мұхтар Әуезовтей тарихи тұлғаның өмірінен,шығармашылығынан және бастан кешкен оқиғаларынан сыр шертіп,бөлісу еді.

Мұрат Әуезов студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріп, қызықты әңгімелерімен бөлісіп отырды.

Жиналған қонақтар үлкен рухани байлық алып,жоғары әсер алып қайтқаны сөзсіз.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара