«Тұңғыш Президент күні» атты тақырыпта семинар өтті

2016 жылдың 5 желтоқсаны күні ҚазҰМУ Спорт кешенінде «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 25 жыл» және «Тұңғыш Президент күні» атты тақырыпта семинар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: білім алушылардың басқа ұлт өкілдерінің өмір сүруіне, мәдениетіне, салт-дәстүріне, ұлттық өнеріне деген қызығушылығын қалыптастыру; әр түрлі ұлт өкілдерін біріктіруге, патриоттылыққа және азаматтылыққа тәрбиелеу, жақсы қатынас көрсету, әр түрлі ұлттық басымшылық көрсетпеуге үйрету; тәуелсіз Қазақстан Республикасын қалыптастырудағы Президентіміз Н.А. Назарбаевтың маңызды рөлін ашу.

Іс-шара бағдарламасында Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы жайында видео кескіндер, музыкалық нөмір және 1986 жылғы орын алған жағдайлардан көрініс көрсетілді.

Студенттер Тәуелсіз Қазақстан, Қазақстанның 25 жыл Тәуелсіз даму жолындағы Президентіміздің тарихи рөлі жайында презентациялар ұсынды және өлең жолдарын оқыды.

Семинарға фармация және ФӨТ, қоғамдық денсаулық сақтау және жалпы медицина, стоматология факультеттері қатысты.