Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ашық мерекелік кеш

08.12.2016ж. ҚазҰМУ терапиялық стоматология факультетінің оқытушылары м.ғ.к. Садыкова Г.М., ассистенттер Мангытаева Б.Б., Байгутдинова Б.А. және 4курс студенттері:Айтмат Маржан, Әлмаханова Азиза, Нұрмахамбетова Жанерке, Искалиева Венера, Бабахан Гүлзаттың ұйымдастыруымен стоматология факультетінің студенттері арасында Тәуелсіздіктің 25 жылына арналған ашық мерекелік кеш өткізді. Мерекелік кешке стоматология факультетінің тәрбие жұмысына жауапты Жексембиева Анида Данияровна, шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Сулейменова Оран Яхметовна қатысты. Мерекелік сағатты Садыкова Г.М. тарихқа көз жүгіртуден бастады, болашағымыздың жарқын болып бақытты өмір сүруіміз үшін тарихымызды ұмытпауымыз парызымыз екендігін айтты, келесі құттықтау сөзді кафедра оқытушысы доц. Абдикаримов С.Ж. алды. Тәуелсіз елде туып,тәуелсіз елде өмір сүрудің қаншалықты бақыт екендігін сол бақытты жоғалтып алмай,сақтап келесі ұрпаққа жеткізуіміз керектігін айтты. Оран Яхметовна студенттер мен кафедра оқытушыларын келе жатқан Тәуелсіздіктің 25-жылдық мерекесімен құттықтады.

Мерекелік кеште әнші Әбиірбек Тыналиевтің орындауындағы «Желтоқсан желі» әні, «Көк тудың желбірегені» әні әнші Ибрагим Ескендірдің орындауында орындалды ,студенттедің орындауында атап айтқанда 5 курс студенті Балқан Ақылбектің орындауында «Отаным» әні шырқалды және Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі 3-курс студенті Төребеков Нұрланның орындауында тыңдалды.

Кеш соңында факультеттің тәрбие жұмысына жауапты Анида Даниярқызы кафедра оқытушыларына және студенттерге тілегін айтты.