Шахмат ойындарының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

2017 жылы 13-21 ақпан аралығында ҚазҰМУ-дың спорт кешенінде профессорлық оқыту құрамы мен әкімшілік басқару қызметкерлері арасында спартакиада болып өтті. Спартакиадаға стоматология факультетінен шахмат ойындары бойынша 2 құрама команда қатысты.

Сайыс нәтижесінде, 1-ші құрама командасы: ортопедиялық стоматология кафедрасының майталманы, к.м.н., Кан А.С., м.ғ.д., профессор Рузуддинов С.Р., стоматология деканатының академиялық жұмыстар бойынша декан орынбасары Кусмолдаева Ж.Н. жүлделі I орынды, ал 2-ші құрама командасы: Кенжебаев Т.А., балалар стоматологиясы кафедрасының ассистенті Оспан О.Б.,орыс тілі кафедрасының оқытушысы Байбурина К.А. жүлделі III орындарды иеленіп, арнайы дипломдармен, кубоктармен марапатталды. Шахмат ойынының “Ең үздік ойыншы” номинациясын академиялық жұмыстар бойынша декан орынбасары Кумсолдаева Ж.Н иеленді.

Өздерінің қызметтерін адал атқарып, сонымен қатар спортты да бірге алып жүрген жеңімпаздарды Стоматология деканатының ұжымы шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта тек биік шыңдардан көріне беріңіздер деп тілек білдіреді!