1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай флешмоб өткізілді

24 қараша күні Абай ескерткіші алдында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ЖОО студенттерінің қатысуымен флешмоб өткізілді.

Аталған іс-шарадан біздің университет студенттері де тыс қалған жоқ. Өзіміздің Стоматология факультетінің студенттік үкіметімен 1,2,3 курс студенттері белсенді атсалысты.

Еліміздің ертеңі, болашағы болар жастарымыздың бұндай маңызды күнге орай, қызықты іс-шаралардың өтуіне өз септіктерін тигізіп, белсенділік танытулары әрине біз үшін қуантарлық жайт.

Күннің суығына қарамастан студент жастарымыз әуелеген әуенге икемденіп,бірдей билеп жатты.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара