I-ші Алматы қалалық Халықаралық профориентация фестивалі өтті

15,16,17,18 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында (Достық даңғылы 114, Сатпаев көшесінің қиылысы) «I-ші Алматы қалалық Халықаралық профориентация фестивалі өтті». Бұл фестивальдің басты мақсаты: мектеп оқушыларына жанына жақын  мамандық және Жоғарғы Оқу Орнын таңдауға бағыт- бағдар беру, жол көрсету. Жоғарғы Оқу Орындарының презентациясы жаңа үлгіде, жаңа жабдықтарды қолданумен өткізілді.10 мыңнан астам Алматы қаласының мектеп түлектері мен олардың ата-аналары қатысты.

Біздің факультетіміз де бұндай іс-шарадан тыс қалмай, белсене қатысқан болатын. Яғни, стоматология факультетінің өкілі, пропедевтика модулінің доценті, эдвайзер- Сагатбаева Анар Джамбуловна факультетіміз туралы толыққанды ақпарат ұсынды. Сонымен қатар 4 курс студенті, Университетіміздің белсенді студенттерінің бірі –Сметов Ғани бұл шараның өткізілуіне өз үлесін қосты.