Алаш арыстарыны тағзым (Алаштың 100-жылдығына орай) Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

 

6 желтоқсан 2017 жылы Даңқ залында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастырумен Алаштың 100-жылдығына орай «Алаш арыстарына тағзым» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияның негізгі мақсаты – қазақтың бостандығы үшін енбек еткен Алаш қайраткерлері: Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтурсынұлы, Мыржақып Дулатұлы, Әлімхан Ермеков, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов және т.б. лайықты ұлықтауға арналады.

Іс-шараны Стоматология мектебінің деканы, м.ғ.д., профессор Бақанай Амантайұлы құттықтау сөзімен ашты.

Конференцияда Ә.Салықбай «Қазақ тарихы», «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналдарының бас редакторы «А.Байтурсынов бастауыш мектеп мәселесі хақында»; Р.И.Бейсембина Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті «Алихан Бокейханов – жизнь и деятельность»; Д.Дариябек Ғылым комитеті, философия, саясаттану және дінтану институтының PhD докторанты «Дін және ғылым»; Жансая Сман әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 3 курс студенті. Ғылыми жетекшісі Р.С.Имаханбет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, А.Байтұрсынұлы музей-үйінің директоры «Алаш мұрасының жоғары мектепке оқытылуы» тақырыбында баяндама оқылды.

«Стоматология», «Жалпы медицина», «Педиатрия» мектептерінің студенттері қатысып, қызығулышылықпен тындап, сұрақтар қойыды.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, фил.ғ.к., доцент З.У.Бисембаева конференция ұсыныстарымен, «Алаш арыстарына тағзым» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік материалдар жинағымен таныстырып, қатысушыларға алғысын білдіріп, іс-шараны қортындылады.

СҒЗЖ жауапты: т.ғ.к., доцент Н.К.Дюсенова

ҒЗЖ жауапты: М.А.Доскалиева