Ардақ Назаровпен кездесу кеші

Наурыз айының 31 күні университетіміздің Даңқ Залында Стоматология факультеті және Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаны сау елдің – тәні сау» атты атпен ережесіз жекпежектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаровпен кездесу өтті.

Кездесу кешінде алғашқы сөз алған Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Г.Ж. Рсалдина шақырылған қонаққа үлкен алғысын білдіріп алдағы спорттық ғұмырына жетістіктер тіледі.

Келесі кезекте Ардақ Назаров сөз алып университет ұжымына шақырғандарына алғысын білдірді. Ол студенттерге уақытты босқа өткізбеуге, өз ісінің нағыз маманы болуға және иманды болуға, ата-балаларымыздың батырлық іс-әрекетінен үлгі алуға насихаттады. Ардақ Назаров болашақ дәрігер студенттерге парақорлыққа жақындамауды оның арты соқпалы екендігін ескертіп әрдайым қиындықты жеңуге ұмтылу қажеттігін айтты. Сөзінің соңында студенттерді спортпен айналысуға, денсаулықты спортпен шыңдауға шақырды.