Белсенді студенттердің құттықтауы

Ағымдағы жылдың 7 наурызында Стоматология институтының студенттік үкіметінің ұйымдастыруымен институт ұстаздарымен қызметкерлерін 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтау мақсатында мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді.Белсенді студенттеріміз жанды дауыста ән салып, өз өнерлерін ортаға салып,мерекелік тілектерін білдіріп жатты. Стоматология институтының директоры Сәуле Серікқызы мен стоматология факультетінің деканы Бақанай Амантайұлы сөз сөйледі. Атап атсақ, университетіміздің Алтын дауысы атанған Месов Олжас,2 курс студенті Балқан Ақылбек, және 1 курс студенттері Нұрмұханбетова Жанерке,Қиымбаева Самал сынды ән айтып, Қалдыбай Жұлдызай мәнерлеп өлең оқыды. Студенттік үкімет төрағасы Бөріхан Ерболат жалпы студенттер атынан қорытынды сөз сөйледі.Концерттік бағдарламаға жиналған барша ұстаздар өз ризашылығын білдіріп,көңілді тарқасты.

IMG-20140313-WA0001 IMG-20140313-WA0002 IMG-20140314-WA0001 IMG-20140314-WA0003 IMG-20140314-WA0005