«Біз жемқорлыққа қарсымыз»

25.04.2016 жылы «Медициналық биофизика» модулінің оқытушылары Г.Е. Байдуллаева, В.О. Абдрасилова, Ә. Бәкіржанқызы және СТ15-004 топ студенттрінің ұйымдастыруымен «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты плакаттар, қабырға газеттері және эсселер байқауы өткізілді. Байқауға «Стоматология», «Жалпы медицина» және «Фармацевтика өндірісінің технологиясы» мамандығының студенттері қатысты. Аталған іс- шараға ҚазҰМУ ректорының кеңесшісі Мустафина Ж.Ғ., «Стоматология» факультетінің деканы Амантаев Б.А., СӘМҚДД директоры Шынғысбаев Л.С. шақырылды.

Бұл шараның негізгі мақсаты жастардың бойында шыншылдық, адалдық қасиеттерін қалыптастыра отырып, жемқорлықсыз өмір салтына баулу болып табылады.

Байқау соңында еңбегі ерекше бағаланған және байқауға белсене ат салысқан студенттер марапатталды.