«Бір тамшы нәр» атты қайырымдылық кеші

29.04.2014 күні С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң «Concordia» театрнда Бір тамшы нәр атты атаулы,қайырымдылық іс шарасы өтті.6 жасар Альбина Асадолла есімді кішкентай бүлдіршінімізге көмек керсету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараның үлкен мәні бар еді.Себебі,небәрі 6 жастағы Альбинаның диагнозы-лимфобласттық лейкоз.Альбинаның дертінен құлан таза айығып кетуі үшін қыруар қаражат қажет.Альбинаға операция жасау үшін Белоруссияға бару керек болатын.Университетіміздің студенттік үкіметінің төрағасы,стоматология факультетінің 3 курс студенті Бөріхан Ерболаттың бастамасымен және стоматология институтының директоры Сәуле Серікқызы мен факультет деканы Бақанай Амантайұлының қолдауымен өткен іс-шараға Алматы қаласының көптеген университетінің студенттері де қарқынды атсалысты.

Естеріңізге сала кететін болсақ,2013 жылы да Бір тамшы нәр атты кеш өткізіліп,Атыраулық 3 жасар Ислам атты інімізге 320 000 теңгеден астам сомманы құрайтын қаржы жиналған болатын.Кеш барысында Альбинаның анасы Алма және Альбинаның өзі келіп,қатысты.Стоматология факультетінің студенттік үкіметінің мүшелері қонақтарды күтіп алып,жайғастырды.Кешті белгілі актер,шоумэн Марат Алибаев жүргізді.Кеш қонақтары болып «Асыл арна» ұлттық телеарнасының директоры Мұхамметжан Тазабеков,актер Бақытжан Альпейсов,ақын Серік Қалиев қатысты.Қонақтарымыз сөз сөйлеп,өздерінің ақ тілектерін тілеп жатты.Іс-шараға сонымен қатар,тағдырдың қатал сынына ұшыраған, Асыл есімді жігіт келіп қатысты.Кеш барысында әр түрлі тәрбиелік,өнегелік мәні бар видеороликтер көрсетілді.Альбинаның анасына сөз берілгенде жас сәбидің анасы көз жасын тия алмай,өз алғысын білдірді.Стоматология институтының директоры Сәуле Серікқызымен стоматология факультетінің деканы Бақанай Амантайұлы сөз сөйлеп,ақ тілектерін білдіріп жатты.Кешке бірқатар жас әншілеріміз Ерлан Али т.б өнер көрсетіп,университетіміздің қыздар және ұлдар КВН командасы өз әзілдерін ұсынды.Сонымен жалпы,концертке 450 000 теңге көлемінде қаржы жиналып,түгелдей Альбинаның анасының банктегі есепшотына аударылды.Концертке билет құны 700 теңгені құраған болатын.Театрмызда сонымен қатар,сахнаның ортасына қойылған қайырымдылық жәшігіне де жиналған көпшілік өз көмектерін ақшалай салып жатты.Осындай игі-ісшараға қатысып,немқұрайлы қарамай,кішкентай Альбинаға жанашырлық көрсету мақсатында жиналған барша студенттерімізбен қонақтарымызға алғыс білдіре отырып,Альбинаның жазылып кетуіне үлкен ниет білдіреміз!

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Ермек Динара

4LiSXEuArEM 45I9rlfJC1M a8DqmF6m-vk AjtZGrT9dpY -AdIT8cv3A4 AZWHJidzfmk bvMsJBKpWZA -CAFe5gWsd0 Dvh0Dr3QE5s gwNtcQbB9GQ GPymvqeit0s -FQGF9u0lU8 IhXCbnIcY7g mncSsP1ZHOM zUIcB11a67I Z2p35akW6Qk v1Ygah4Q9ko IMG-20140430-WA0008

IMG-20140430-WA0053IMG-20140430-WA0027