Кафедраның тарихы

Физика кафедрасы 1931 жылдың 25 қараша айында құрылған институттың бірінші он кафедрасының ішіне кіреді. Кафедра ашылған уақытта 4 адамнан құралды.(кафедра меңгерушісі, 2 оқытушы және 1 лаборанттан) . 1931-1932 жылдары физика кафедрасы ҚазПИ-дың ғимаратында орналасты. Ол жерде дәрістер және тәжірибелік сабақтар жүргізілді.1938 жылы педиатрия факультеттің ашылуына байланысты кафедраның штат саны 7 адамнан тұрды. Соғыстан кейінгі жылдары кафедра 3 факультеттің студенттеріне оқу-тәрбиелік жұмысын жүргізді. Оның ішінде емдеу, педиатр және санитарлық-гигиеналық, қызметкерлер саны 9 адамды құрады.

50 жылдардың екінші жартысында сырттай және кешкі оқу формаларының және фармацевтикалық, стоматологиялық факультеттердің оқу үрдісінің пайда болуынан кафедра көп профильді бола бастайды. 1966 жылы кафедрада спектрлік лаборатория құрылуына байланысты кафедра қызметкерлері оқу жұмысымен бірге ғылыми зерттеулік жұмысты да алып жүруіне мүмкіншілігі болды. Ғылыми жұмыстың негізгі тақырыбы: «Биологиялық ұлпалардағы микроэлементтердің құрамын анықтау». Сонымен қатар сол жылдары физика кафедрасының, сонымен қатар институттың басқа да кафедраларының құралдарын жөндеуге арналған механикалық шеберхана ашылды. 1975 кафедрада жаңа оқу бағдарламасы енді. Онда жаңа мамандықтың түрлері – медициналық электроника және медициналық кибернетика емдеу және педиатрия факультеттерінің 2-ші курс студенттері үшін және Материалтану негіздері стоматология факультеті үшін лабораторялық сабақтарымен қарастырылды.

2005 жылы кафедрадағы штат саны 33 қызметкерді құрады оның ішінде: 1 профессор, 7 доцент, 9 аға оқытушы және 16 оқытушы. Кафедрада ғылыми зерттеу жұмыстары әртүрлі бағытта жүргізілді. Кафедра 7 ғылым кандидаттарын, 2 магистрант, 7 ғылыми ізденуші шығарды. Кафедраның қызметкерлері бірінші, екінші, үшінші және төртінші курс студенттеріне медициналық биофизика, информатика, математика, биологиялық статистика, информациялық технология және денсаулықты сақтау, биологиялық физика, медициналық электроника, медико-биологиялық үдерістерді программалау сияқты пәндерден дәріс берді.

Осы кезеңдегі курс.

Курста күндізгі оқу түрі бойынша «Жалпы медицина», «Стоматология», «Педиатрия», «Фармация», «Фармациялық өндірістің технологиясы» мамандықтарының бірінші курс студенттері оқиды.

  • Курс оқытушылары «Медициналық биофизика», «Биофизика», «Физика пәндері бойынша сабақ жүргізеді.
  • Курста 2 профессор, 1 доцент, 3 аға оқытушы, 2 оқытушы және 2 лаборант оқу барысында оқытудың заманауи технологияларын және студенттердің білімін бағалауды қолдана отырып, оқытудың инновациялық интерактивті әдістерін, сонымен қатар қашықтықтан оқу элементтерін енгізе отырып жұмыс атқарады.