«Күркіреп күндей өтті ғой соғыс» атты №5 жатақхана студенттерімен кездесу

«Күркіреп күндей өтті ғой соғыс» атты №5 жатақхана студенттерімен кездесу

Ақпан айында №5 жатақханада Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс» атты кездесу өткізілді. Хирургиялық,ортопедиялық стоматология кафедрасының аға оқытушылары қанды соғыс жылдарындағы концлагерь жайында баяндамалар дайындап,студенттердің назарына ұсынды. Аталмыш кездесуге Жанара Ғабиденқызы,стоматология факультетінің деканы Бақанай Амантайұлы,хирургиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі Ұлмекен Рахимовна,ортопедиялық стоматология кафедрасының оқытушылары Алтынбеков Күбейсін,Таби Саипович,Руслан Исатайұлы және стоматология факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Жаңыл Темірбайқызы қатысты.

Стоматология факультетінің студенттеріне арналып өткізілген бұл кездесуге студенттер үлкен қызығушылықпен қатысып,зор әсер алды.

Егеменді ел болмай тұрып,ұрпағы үшін,елі үшін,жері үшін жанын қиған ата-апаларымыздың қаншама қиыншылық көргені жанымызға қатты бататыны сөзсіз.Сұрапыл соғыстың бітіп Кеңес Одағының жеңіске жеткені сол батырларымыздың арқасы.

Міне,бүгінде Ұлы Жеңіске 70 жыл.Сансыз шүкірлермен,мақтауларды арнап,кездесуге қатысқан жастарымыз үнсіз тарқасты.

Бұндай іс шараларды ұйымдастырып,көкірегіміздегі патриоттық сезімді тағы да бір оятқан ұстаздарымызға мың алғыс!

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара