Стоматология институтының ұйымдастыруымен өткен Дүниежүзілік Денсаулық күніне арналған мерекелік іс-шара

04.04.2013 күні университет басшылығының қолдауымен және де Стоматология институтымен студенттік деканаттың ұйымдастыруымен « Студенттік Аренада» «Денсаулық күніне орай мерекелік іс-шара көрсетілді. Мерекелік іс-шара бастамасында 4 курс студенттері Жанболатова Динара мен Махсумова Азиза Дұрыс тамақтану жайында ақпарат беріп өтті.Сонымен қатар Тіс жегі жайында өзінің қызықты суреттерімен мысал келтіре отырып Сағадиева Арайлым мен Какенова Дана студенттердің назарын аулады.Ал Серікболқызы Насихат пен Айнабекова Ақмарал сол тіс жегінің алдын алу мен ауыз қуысы гигиенасы жайында ақпарат беріп өтті. Мерекелік іс-шарада институтымыздың өнерлі, белсенді студенттері өнер көрсетті. Атап айтсақ, Муллаташев Шерзод, Амангелді Айгерім,Пазылов Азамат,Айман мен Шолпан дуеті. Сонымен қатар біздің оқытушыларымызда қатардан қалған жоқ. «Екі жұлдыз» байқауында өнер көрсетіп жүрген жұптарымыз 2 курс студенті Ерболат Бөріхан мен Мақсат Халықов ,1 курс студенті Ақылбек Балқан мен Алмагүл Сайпутдинқызы өз өнерлерін ортаға салды.

Концерттік бағдарламаның өз дәрежесінде өтуіне атсалысқан барша студенттерге алғыс білдіреміз.